Қарағанды облысында балаларды қосымша біліммен қамту ұлғайды. Өңірде үйірмелер мен секцияларға тағы 1397 тегін орын бөлінген. Балалар компьютерлік сауаттылық, 3D модельдеу және робототехника бойынша сабақтарға қатыса алады, өздерін экобиологтар мен туристер рөлінде сынап көре алады, не болмаса сәндік-қолданбалы өнерде шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыра алады.

Облыстағы білім беру саласы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жұмыстары жыл басынан бері жүргізіліп келеді. Қаңтар айында тегін үйірмелер және секциялармен 963 бала қамтылды. Тамыз айында үлкен сұранысқа байланысты қаржыландыру жалғасын тапты.
Келесі ұйымдарда қосымша 1397 тегін орын бөлінді:
1. Бұқар Жырау ауданы Доскей ауылының "Мирас" балалар өнер мектебінің "Қос алқа" үйірмесінде сәндік-қолданбалы өнермен айналысуға 165 орын.
2. Бұқар Жырау ауданының "Руханият" қосымша білім беру орталығының экобиология үйірмесінде – 195 орын.
3. 258 орын – "ITSTEP ACADEMY KRG" ЖШС жанындағы "Шағын компьютерлік академия" үйірмесінде (Қарағанды қ.).
4. "Logic-soft" ЖШС-де (Қарағанды қ.) робототехникамен және 3D-модельдеумен айналысу үшін – 275 орын.
5. 217 орын – "Sanasoft co." ЖШС-де (Қарағанды қ.) компьютерлік сауаттылық негіздерін үйрену үшін.
6. Осакаров ауданының "Жастар" балалар-жасөспірімдер орталығында "Жас патриот" әскери-патриоттық секциясына тарту үшін – 5 орын.
7. Теміртау жастар клубында "Қазақстан Патриоттары" әскери-патриоттық секциясында 142 орын.
8. "Экотуризм", "Жаяу туризм", "Альпинизм", "Велотуризм" секцияларында және Қарқаралы ауданының жас туристер станциясы базасында болашақ дизайнерлердің үйірмесінде сабақ өткізу үшін – 140 орын.
Баланы аталған үйірмелер мен секцияларға тегін жазу үшін е-daryn.kz ақпараттық жүйе арқылы немесе тікелей ұйымның өзінде өтінім беру қажет.