BANNER

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында жаңа басшы

Ашық дереккөз

Қарағанды облысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметті Бұқар Жырау ауданының бұрынғы әкімі Сержан Жанабекұлы Аймақов атқаратын болады.

Кадрлық өзгерістер туралы облыс әкімдігінен хабарлады.

Сержан Аймақовтың кандидатурасы конкурстық комиссияның шешімімен ұсынылды.

Мемлекеттік қызметте Сержан Аймақов 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Түрлі лауазымдарды атқарды. Қарқаралы қаласы әкімінің орынбасары, Қарқаралы ауданы Салық комитетінің төрағасы, Қарқаралы ауданы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2007 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысының құрылыс басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Кейін Қарқаралы, Осакаров аудандарының, Шахтинск қаласының әкімі болды. 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Бұқар Жырау ауданын басқарды.