- Баласы жыламаса, Анасы жұбатпайды.
- Анасын көр де,
Қызын ал.
- Өгей ана міншіл,
Жетім бала кекшіл.
- Бала — Ананың бауыр еті, көз нұры.
- Алып анадан туады.
- Баласы атқа шапса анасы үйде тақымын қысады.
- Ананың сүті - бал, баланың тілі – бал.
- Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
- Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
- Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
- Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
- Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың.
- Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
- Анасыз өмір — сөнген көмір.
- Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.
- Әке ақылы - бұлақ, Ана ақылы - шырақ, Аға ақылы - көмек, Іні ақылы - демеу.
- Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
- Ана даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
- Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада
- Анадан теріс туған
Тезге салсаң түзелмес.