BANNER

Қазақстан спортшылар одағы президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

ашық дереккөз

5 қазанда Барыс Аренада «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ ұйымдастырған Қазақстан спорт қоғамының кездесуі өтті.

Іс-шараға қатысқан 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев Мемлекет басшысы бұқаралық және кәсіби спортты дамытуды жүйелі негізде қолдайтынын атап өтті.

«Елімізді Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жаңа реформалар күтіп тұр. Ол әлеуметтік әділеттілік пен барлығына тең мүмкіндіктерді қолдайды. Бүгінде біздің спортшылар Қазақстанды түрлі халықаралық ареналарда таныстырады. Мықты экономика мен қоғамдағы бірліктің арқасында біз үлкен жетістіктерге жеттік, соның ішінде спорт саласы да бар» - деді Серік Сәпиев.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар одағы Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы сайлауға кандидат етіп ұсыну туралы шешім қабылдады.