Оқиға 9 қазан күні Түркістан облысында болған. Полицияның мәліметінше, ішімдік іщкен ер адам ГАЗ 53 маркалы жүк көлігін өртеп жіберген. Көлікте 280 шөп орамы болған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 6 миллион теңгені құрайды.
Өрт қоюшыны бейнебақылау камераларының арқасында тапты. Кадрда алдымен жүк көлігін өртеп, содан соң жанып жатқан өртке қарап отырған ер адамды байқауға болады.
Іздестіре келе полицейлер өртті қойған Сайрам ауданының тұрғыны екенін анықтады. Өртті не себепті қойғаны әлі белгісіз. Күдікті қылмысты жасаған кезде мас күйде болған. Қазір ол қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.