Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең 18:00-де аяқталады.
Осы уақыт ішінде президент сайлауына үміткер ретінде кімдер ұсынылды?
Жигули Дайрабаев - «Ауыл» партиясы атынан;
Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;
Мейрам Қажыкен - «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан;
Қасым-Жомарт Тоқаев - Халықтық коалиция атынан;
Қарақат Әбден - «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.
ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері - 3 млн теңге.