Алматыдағы "Алма сити" тұрғын үй кешенінде аяғы ауыр келіншек суицид жасады. Ол үйдің 8-ші қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, келіншектің мұндай қадамға баруына жанұялық жанжал себеп болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тіпті түнімен полиция қызметкерлері сол пәтердің жанындағы көршілердің есігін қағыпты.
Тұрғын үй кешеніндегі әлеуметтік мессенджерде келіншектің 2000 жылы туылғаны айтылуда. Тіпті оқиғаның бейнежазбасы да тарап кетті. Онда белгісіз ер адамның өкініштен айғайлап тұрғанын естисіз.
Наурызбай аудандық полиция Басқармасымен қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаймыз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталуда,- деді қалалық полиция басқармасында.