Ерлі-зайыпты 2019 жылы танысқан.
Әйел сәбиі дүниеге келген соң көпке дейін кездесе алмаймын ғой деп, түрмеге күйеуін көріп кетуге келген, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
Кездесуде 37 жастағы әйелдің мерзімінен бұрын толғағы басталып, ол сол күні босанады. Бұл бала 48 жастағы әкенің тұңғышы екен.
5 рет ұрлық үшін сотталған ер адам, әйелінің бала көтеріп жүргенін естігенде қатты қуанғанын айтты. Ол ұлының есімін Арсений деп қойды.