BANNER

Қарағандыда 14 вагон рельстен шығып кетті

-

Қарағанды облысында Қарабас өткелінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай болған учаскеде пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы компаниясы. Оқиға 17 қараша сағат 06:15-те болған, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

"Қарағанды-Сұрыптау – Ақадыр учаскесінің Қарабас – ОП 767 өткелінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының жолдан шығуына жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың ақауы себеп болған.

Қазір аталған учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін "ҚТЖ" компаниясында арнайы комиссия құрылды.

Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.