BANNER

Балалар арасында ЖРВИ өршіп тұр - министрлік

-

Республикада тұмаудың А және Б вирусының таралып жатқаны анықталды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

«Республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Барлық өңірлер «жасыл» аймақта. Тәулігіне коронавирустың 70-ке дейін жағдайы тіркеледі. Науқастардың 99 пайызы емделген. Коронавирус инфекциясы бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, қазіргі уақытта жіті респераторлық вирустық инфекция мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталды», - деді вице-министр бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Айжан Есмағамбетованың атап өтуінше, олардың таралу жолы коранавирус инфекциясымен бірдей, яғни ауа-тамшы жолымен беріледі.

«Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бері республикамызда тұмаудың 1 014 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Республикада тұмаудың А және Б вирусының айналымда жүргені анықталды. Бұдан басқа бүгінгі күні 1 миллионнан астам ЖРВИ тіркелді. Сырқаттанушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірдей деңгейде. Ауырғандардың 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар», - деді ол.