BANNER

10 жылда бір таматын тамшы

Ашық дереккөз

   10 жылда адам өмірінде біраз өзгерістер боп үлгереді. Ал ойлаңызшы, осы уақытта  тамшысы 1 – ақ рет таматын зат бар. Ғалымдар эксперимент жасағанда оның нәтижесін ұзақ күтуге тура келеді. Тіпті көре алмай өмірден өтіп кететіндері бар. Біз бүгін әңгіме еткелі отырған эксперимент ең ұзақ эксперимент ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

   Пек – мұнай шайыры (смола)  мен қара майды айдағаннан кейін қалатын зат. Ол Томас Пернеллдің сынағына дейін қатты зат болып есептелген.          

   Квинсленд университетінің физика ғылымдарының профессоры Томас Пернелл таматын зат қатты емес екендігін дәлелдеу үшін сынақ өткізетінін мәлімдеді. Ғалымдар оны май құйғышқа (воронка) құйып, оның қашан таматынын күтті. Алайда ұзақ күтуге тура келді. Бірнеше жылда 1 ғана тамшы тамды.

   Эксперимент ерекше жағдайда жасалмады, тек шыны витринаның ішінде тұрды. Сол себепті маусымдық температураның өзгеруіне байланысты шайырдың (смола) ағу жылдамдығы да өзгеріп тұрды.

   1927 жылы экспериментті жасаушы әрі алғашқы сақтаушы Томас Парнелл өзінің студенттеріне белгілі сұйықтықтардың ішіндегі ең қою шайырдың тұтқырлығын көрсетті. Профессор смоланы жылытып, шыны май құйғышқа құйды да 3 жылға қатаюға қалдырды. 1930 жылы смола сыртқа еркін ағу үшін май құйғыштың төменгі бөлігін кесті. Көп ұзамай тамшы пайда болды, бірақ ол 8 жылдан соң ғана тамды. Ол кезде алғашында экспериментке қатысқан студенттер университетті әлдеқашан бітіріп кеткен. Соған қарамастан ерекше күтім мен ерекше жабдықты қажет етпейтін болған соң эксперимент әрі қарай жалғаса берді. Келесі 5 тамшының тамуына 7 жылдан бастап, 9 жыл кетті. 1979 жылы сәуір айында 6 – тамшы тамды.

   Ақыры  8 – тамшы тамған соң бөлме температурасында қатты болып көрінетін әрі балғамен бөлуге болатын зат шын мәнісінде судан 100 млрд рет есе тұтқыр сұйықтық екені анықталды.

  1961 жылы  Профессор Джон Мейнстоун эксперименттің 2 – бақылаушысы болып тағайындалды. Ол витринаны 52 жыл бақылады, бірақ алғашқы бақылаушы Пернелл секілді нәтижесін көрместен өмірден өтті. Осы жылдар бойы әртүрлі себептермен ешкім тамшының тамғанын көре алмады.

   1979 жылы 6 – тамшы тамғанда университетте демалыс күні болды. 1988 жылы экспериментті Бүкіләлемдік көрмеде мақтанышпен көрсетілген. Сол кезде профессор Мейнстоун су ішуге кеткенде 7 – тамшы тамған. 2000 жылы 8 – тамшының тамғанын көру үшін бейнебақылау орнатылған. Тура шешуі уақытта ол істен шығады. 9 – тамшы 2014 жылы 24 ақпанда “құлаған”. Тамшы таматын стакан толып кетіп, 9 – тамшы 8 – тамшыға тиіп тұрғанын көрген сол кездегі бақылаушы профессор Эндрю Уайт толған стаканды ауыстырмақ болады. Тура икс күні қорғаныш қақпақты шешіп жатқанда құрылғы қозғалып кетіп, тамшы май құйғыштан бөлініп, түсіп қалады.

   Қазіргі уақытта үшінші бақылаушы Эндрю Уайт 10 – тамшының тамғанын бақылып жүр. Экспериментке әлем бойынша қызығушылық танытушылар көп. Олар тамшыны интернеттен бақылап отырады.

 

Ақерке АЯНҚЫЗЫ