BANNER

Қарағанды қаласында суға түсуге рұқсат етілген және тыйым салынған орындардың тізімі

.

Қарағанды облысында суға түсу маусымы 1 маусымда басталады.
Бірақ бірінші күні суға түсу ұсынылмайды, шомылу маусымын сақтықпен бастау керек, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда суға түсу, мас күйінде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеу немесе сақтамау, суға түсе алмау және балаларды ересектердің тиісті бақылауынсыз судың жанында қалдыру болып табылады.
Ақпарат үшін Қарағанды қаласында суға түсуге рұқсат етілген орындардың тізімін ұсынамыз:
- қалалық жағажай, Комсомолдың 30 жылдығы атындағы саябақта орталық көлдің жағалауы;
- қалалық жағажай, Федоров су қоймасының жағалауы;
- Федоров су қоймасындағы «Хаммерхед» сүңгуір орталығы;
- Федоров су қоймасындағы «Горизонт» демалыс аймағы;
- Федоров су қоймасындағы «Ева» демалыс аймағы;
- Федоров су қоймасындағы «Эко-Вилла» демалыс аймағы;
- Федоров су қоймасындағы «Маяк» яхта клубы.
Қарағанды қаласында суға түсуге тыйым салынған орындардың тізімі:
- Рубеж бекеті ауданындағы №2 карьер су айдыны - су айдынының барлық акваториясы;
- Көгілдір тоғандар көлдері № 1, 2, 3, 4 - су айдындарының барлық акваториясы;
- Үлкен Бұқпа өзені бойындағы 22 шахтаның тұндырғыштары (екі су қоймасы), Бұқар жырау даңғылының Саран тас жолымен қиылысы аймағында - су айдындарының барлық акваториясы;
- 7-ші магистраль ауданындағы су айдыны, Терешкова көшесі мен 7-ші магистралінің қиылысы аумағында - су айдындарының барлық акваториясы;
- 15-ші магистраль бойындағы «ГазОйлПром» ЖҚС ауданындағы су айдыны – су айдынының барлық акваториясы;
- Сұрыптау кентіндегі бұрынғы темір-бетон бұйымдары зауытының ауданындағы екі су қоймасы, Цементная көшесінің тұрғын үйлерінің артындағы - су айдынының барлық акваториясы;
- «Қарағанды Су» ЖШС тазалау ғимараттары ауданындағы су айдыны, Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның шығыс бөлігінде, Павлодар қаласының бағытында жол торабы ауданында – су айдынының барлық акваториясы;
- Нан-макарон комбинаты өтпежол жанындағы су айдыны - су айдынының барлық акваториясы;
- Горбачев атындағы шахтаның тұндырғыштары, Глинка көшесі № 75 тұрғын үй және Фурманов көшесі № 31 тұрғын үй артында - су айдындарының барлық акваториясы;
- Майқұдық шахтасының шахталық шұңқыры – су айдынының барлық акваториясы;
- Шахтер шағын ауданындағы су айдыны - су айдынының барлық акваториясы;
- Донбасская көшесінің жанындағы су айдыны - су айдынының барлық акваториясы;
- Костенко атындағы шахта ауданындағы су айдыны - су айдынының барлық акваториясы;
- Костенко атындағы шахта мен ЖЭО-1 арасындағы автожолдағы су айдыны - су айдынының барлық акваториясы;
- Саран тас жолының бойындағы «Тойота Центр» артындағы су айдыны - су айдынының барлық акваториясы.
ӘҚБтК-нің «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабына сәйкес тыйым салынған жерлерде суға түсу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатының ескертеміз.