BANNER

ТОБЫРДЫҢ ТӨҢКЕРІСІ

.

Өткен 90-шы жылдарда Әлихан Бөкейханға көше береміз дегенде осында көшкен совет өкіметінің жұртында қалып қойған бір топ "Бөкейханов--террорист!"деп айқай салған!... Мұны олар ойынан шығарып айтқан жоқ , бұл сөзді 30-ыншы жылдары орыстан бұрын қазақ айтқан! .. Бұлар бұл сөзді сол 30-шы жылдардан алып айтып отыр! Содан бері осындағы тілі бөлек көрші-жерлестеріміз оны құбыжық көріп алды! Қаладағы Октябр ауданының атын бермек едік, көлеңкесінен қорқатын біздің билік әлі солардан именіп келеді!

... енді, міне, отырмыз : "...мына баланы сен таптың ба, мен таптым ба?!"-деп...

 

Тұлғалар, біресе, Ә. Бөкейхан сынды мемлекет, қоғам қайраткері, біресе Пушкин, Абай сынды ақын, біресе Эйнштейін, біздің Темірали Көкетаев сынды атомшы-физик, біресе, Әміре, Жүсіпбек, Қайрат Байбосын сынды әнші болып тууы мүмкін.

" Ерін қадірлемеген жұрт іргелі мемлекет құрып, ел қатарына қосыла алмайды." Мүлдем азып кетпеген кез келген адамзат нәсілі өзінің жалпы санына сәйкес мөлшерлі, көрнекті адамдарды дүниеге әкеледі дейді – Испанның ұлы ойшылы Хосе Ортега и Гассет – Олардың бойына айрықша интеллектуалдық, моральдық және өміршеңдік қасиеттер дарытады. Дамыған нәсілдерде бұл мөлшер басқаларға қарағанда әлдеқайда қомақтылау әрі қуаттылау болып келеді. Басқаша айтқанда, бір ұлт бір ұлттан өзінің таңдаулы азшылығының қуаттылығымен басым түсіп жатады. Әр ұлт өз ортасынан бойында тек өз ұлтына тән қасиеттер шоғырланғандарын ғана даралап шығарады. Көрнекті адамдардың жетіспеуі ұлт тарихына керағар әсер етеді"

Жақсысын көзі тірісінде, өлгеннен кейін де қадірлеу--озық ұлттардың еншісіндегі дүние. Дамымаған елден мұндай тұлғалар тумайды! Туса да, тобырдың талауына түсіп...көресінін көріп өледі!

Мына елдің тұрғындары ұлтының ұлы тұлғаларының сүрінген, бүлінген жерін сөз қылмай, жазған, сызған, айтқанынан өнеге алып, солардың соңынан ілескен күні оның ұлысы да ұлы ұлтқа айналады!

*Тобырдың төңкерісі "-"Восстаний масс»