BANNER

ХҚКО секілді: Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау тұрғындары үшін жаңа форматта бірыңғай қабылдау күнін өткізді

.

Теміртау мәдениет үйі уақытша ХҚКО-ға айналды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Қарағанды облысының әкімдігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев металлургтер қаласының тұрғындарына жылжымалы қабылдау өткізді.

Сондай-ақ шараға облыстық басқармалардың басшылары, полиция, экология департаментінің өкілдері қатысты.

Тұрғындарды қабылдау төрт жарым сағатқа созылды, жүзден астам адам өз сұрақтарына жауап алу үшін мамандарға жүгінді.

Келушілер ыңғайлалағы үшін электронды кезек ұйымдастырылды.

– Бізге Теміртау тұрғындарын қабылдайтын мамандардың тізімі берілді. Олардың барлығын бағдарламаға енгізіп, сынап көрдік. Ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Адамдарға ХҚКО-ларда, банктерде үйреніп қалғандай, электронды кезек бойынша қызмет көрсетілді. Енді бұл жүйе облыс әкімінің қабылдау алаңында да жұмыс істейді, – деп түсіндірді ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Константин Ильницкий.

Сонымен қатар, келушілер әртүрлі ведомстволардың басшыларына жүгініп, өз сұрақтарына жауап ала алды.

Тұрғындардың көбісі бірден бірнеше талон алды.

Сонымен қатар келушілердің ыңғайлылығы үшін балаларға арналған ойын алақғайлары ұйымдастырылды. Ересектер өзекті мәселелерін шешкенше, бүлдіршіндермен еріктілер ойнап, көңілдерін аулады.

Қабылдауға келгендер тек шағымданып, проблемаларын айтып қана қоймай, идеяларын да ұсынды. Мысалы, қоғам белсенділерінің бірі онкологиялық науқастар мен олардың туыстарын қолдау клубын ашқысы келетінін жеткізді.

Тағы біреуі Қарағандының үлгісі бойынша Теміртауға ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту үшін иппотерапия әлеуметтік жобасын енгізуге дайын.

Қабылдау қорытындысы бойынша Ермағанбет Бөлекпаев теміртаулықтарды толғандыратын топ-5 мәселені атап өтті.

– Коммуналдық мәселелер: жылу, электрмен жабдықтау, су – ең өзектілері. Әсіресе бүгінгі таңда бұл су құбырының жағдайы. Қазір проблемалық учаскелерді жедел жөндеп жатырмыз, ал келесі жылы күрделі жөндеуге өтінім береміз. Абаттандыру бойынша көптеген сұрақтар болды: жасап жатқан жұмыстары бойынша тұрғындар шағымдананып жатқан мердігерлер де бар. Содан кейін жолдар, жолаушылар көлігі, тұрмыстық мәселелер, – деді облыс әкімі. – Менің ойымша, мұндай қабылдау форматы тиімді және дұрыс. Барлық өтініштер жазылды, біз әріптестеріммен бірге шешім жолдарын іздейміз.