BANNER

"Жұмысшылардың құқықтарын бұзған": Прокуратура Қазақстан теміржолы компаниясынан бірнеше заңбұзушылықты анықтады

.

Бас көлік прокуратурасы "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясынан өрескел жүйелік заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі KazTag-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан теміржолында жұмысшылардың құқықтарын бұзу фактілері жиі орын алған. Сонымен қатар әкімшілік персоналды қысқарту бойынша шаралар қабылданбай, азаматтарды кемсіту белгілері бар еңбек заңнамасын бұзу, формализм мен оңтайландыру процестерінің тиімсіздігі көрсетілді.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін қордың және қор тобына кіретін ұйымдардың әкімшілік персоналын 15 пайызға қысқарту шараларын қабылдау тапсырылды.

Қаулыға қол қою кезінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ әкімшілік персоналының штаттық саны 8 266 қызметкер болды. "ҚТЖ" ҰК әкімшілік персонал 1366 қызметкерге (16,5%) қысқарды деген ақпарат берді, алайда олар қаулы шыққанға дейін бұрын жұмыстан шыққандарды қосып есептеген.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жарлығын орындау мақсатында әкімшілік штатты 442 қызметкерге қысқарту шаралары қабылданды, бас менеджерлер мен мамандар, басшылар қамтылуы тиіс. Орындалу көрсеткіші – 5,3%. "ҚТЖ" ҰК" АҚ әкімшілік персоналды қысқарту туралы қаулыны толық орындаған жоқ", – деді прокуратура.

Одан бөлек қызметкерлерге еңбек заңнамасында көзделген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы, демалыс және мереке күндері, үстеме жұмысы үшін ақы, ауруға байланысты жәрдемақы берілмеген. 

"Қызметкерлер ҚТЖ ұжымдық шартында қарастырылған жыл сайынғы еңбекақыны көтеру мен үстемеақы, сыйлықақы, емделу, медициналық сақтандыру, санаториялық-курорттық емдеу, профилактикалық тамақтану, материалдық көмек көрсетілмеген", – делінген анықтамада.

Прокуратура іс жүзінде ҚТЖ қызметкерлерінің саны өзгеріссіз, ал азаматтық құқықтық келісімшарттарын төлеу бойынша шығындар бұрынғы деңгейде қалды деген қорытындыға келді.

ҚТЖ 2021 жылы 18 азаматтық-құқықтық келісімін жасады, олардың кейбіреулері ай сайын сомасы миллионнан астам ақы алды. Олардың қызметі аяқталса да, ақы алуы жалғасқан.

"Осылайша, ҚТЖ қаржылық шығындарды азайтып, оларды қызметкерлердің жалақысын көтеруге бағыттаудың орнына жоғарыда аталған тұлғалармен бақылаусыз келісімшарттар жасасуға жол беріп отыр", – деп түсіндірді прокуратура.

ҚТЖ менеджменттік қызметкерлердің орнына пойыздар қозғалысына және теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымдардың жекелеген санаттарын қысқарту бойынша жұмыс жүргізген. Машинист көмекшісі, вагон инспекторлары, ақауларды анықтайтын арба операторлары, жол жұмысшылары жұмыстан шығарылған. Соның кесірінен жұмысшы жетіспеушілігі анықталды.

Жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуы да анықталды. ҚТЖ 2021 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін қызметкерлердің жазбаша келісімінсіз кисель, ал мамырдан тамызға дейін сүт бермеген. 

ҚТЖ барлық жерде арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде жұмысшылардың құқықтарының бұзылуына жол беріп отыр.

"Ерейментау бағытында 2019-2021 жылдарға белгіленген талаптар бұзылып, 373 жұмысшы жұмыс киімімен, қауіпсіздік аяқ киімімен және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілмеген. Бұл жағымсыз үрдіс 2022-2023 жылдары да жалғасты", – делінген құжатта.

Қадағалау органы ҚТЖ жеке тұлғаларды оқытуды толық ұйымдастырмағанына да назар аударады.