BANNER

18 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды

opennews.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 18 қаңтарда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.