"Қарағанды Су" ЖШС Бас директоры қызметін осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарған Ербол Төлеуов атқаратын болады. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ербол Төлеуов – Қарағанды облысының тумасы. Әр жылдары Қарағандыда "Водоканалсбыт" ЖШС директоры, Астанада "ҚР СІМ ШАРБ" РМҚК директорының орынбасары, кейін осы кәсіпорынның директоры, Астана қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, "Астана-Энергосервис" АҚ Басқарма төрағасы, "Астана қалалық жарық" ЖШС директоры қызметтерін атқарды, Астананың отын-энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылығы басқармасына жетекшілік етті.
Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығының басқарма төрағасы болды.
Бұған дейін "Қарағанды Су" ЖШС Бас директоры қызметін атқарған Жолдасбек Оңғарбаев компанияның бірінші басшысы қызметінен өз еркімен кетті.