Алдағы күндері елдің кей өңірінде 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін,- деп хабарлайды
"Life09" kaz.nur.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның кей өңірінде 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, 23-25 қаңтар аралығында, республиканың батыс жартысында күн жауын-шашынсыз, аязды болмақ. Ал елдің қалған аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман, боран мен желдің күшеюі күтіледі. Түнде елдің батысында ауа температурасы -22...-30 градусқа дейін, солтүстік-батыста -20...-30 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста -7...-18 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар оңтүстікте -5 градустан +5 градусқа дейін құбылса, оңтүстік-шығыста 0...-10 градусқа дейін суытады.