Алматыда болған жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шекті, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісі нәтижесінде сағат 03:00-де 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секірген.
Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр.
Үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды.
Барлық қажет медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.