BANNER

Алматыдан 250 шақырым қашықтықта тағы жер сілкінді

Фото:pixabay.com

Алматыдан 250 шақырым қашықтықта тағы жер сілкінді, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі  tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:35-те тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,3. Магнитудасы MPV - 4,9", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы ақпарат жоқ.