BANNER

Еліміздің үш өңірінде діни радикалдар ұсталды

Сурет: ҰҚК

Қазақстанның үш өңірінде терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

ҰҚК 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп Астана, Шымкент қалалары мен Ақтөбе облысында діни радикалдардың жолын кесу бойынша операция өткізді.

"Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 258-бабы 1-бөлігі (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.