BANNER

Оксфордта қазақ тілі оқытыла бастайды

Фото: tilalemi.kz

Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытыла бастайды. Тиісті келісімге қол қойылған. Бұл туралы жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Нұрбектің сөзінше, министрлік делегациясы Лондонға сапарлап, онда олар бірқатар беделді университетті аралап, ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізген. 

"Нақтырақ айтар болсам, әлемдегі бірегей ЖОО саналатын Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық байланыс орнатып, өзара келісімге қол қойдық. Соның нәтижесінде Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынатынын сүйіншілеп айтқым келеді", - деді Саясат Нұрбек. 

Сонымен бірге ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын британиялықтарға сыйға берген. 

"Бұл еңбектің қаншалықты маңызға ие, іргелі зерттеулердің негізінде жазылған еңбек екендігін баяндап өттім. Сөздіктің алғашқы басылымы 60 мыңнан астам сөзді құрайды және еңбек 1300 беттен тұрады", - деді министр. 

Саясат Нұрбек осы сапар аясында мен қазақстандық жас өнертапқыш Санжар Тайжанмен, Оксфорд университеті жанындағы Білім департаментінің ғылым жөніндегі орынбасары Майя Чанкселианимен, Кэмбридж университеті жанындағы Homerton College деканы Лорд Сайменмен кездескен.