BANNER

Елімізде әуежай маңындағы ғимараттар жаппай сүріледі

egemen.kz

Қазақстанда әуежай маңындағы заңсыз ғимараттар жаппай сүріледі. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар әуе кемелерінің қауіпсіз ұшып-қонуын қамтамасыз етеді.

Министрлік әуежайға тым жақын салынған ғимараттардың санын анықтауды бастап кеткен. Ережені жан-жақты талқылаған комиссия мүшелері сүрілуге жататын нысан қожайындарына қанша өтемақыны берілетінін әлі шешпепті. Сондай-ақ жаңа өзгерістер әуежай аймағында биік ғимараттар мен егіс алқаптарының мүлдем болмауын көздейді.

“Әуежай маңында ауыл шаруашылық фермалары, құс өсіретін фабрикалар орналаспауы тиіс. Яғни нысанның жұмысына ештеңе кедергі келтірілмеуі керек. Санитарлық-қорғаныс аймағы болып есептелгендіктен, бұл маңда жер үй құрылысына рұқсат етілмейді. Қайта-қайта ұшақтардың ұшуынан ауаға бөлінетін қалдықтар әуежай маңында тұратын адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін”, – деді "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ аэродромдар департаментінің инспекторы Мұхтарбек Тұрлыбеков.