«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Бұқар Жырау аудандық филиалында Ботақара кентіндегі апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинайтын пункттер ашылды.
Қазіргі уақытта төсек жабдықтары (матрас, көрпе, жастық, төсек жинақтары), жеке гигиена құралдары (сүлгі, сусабын, кір жуғыш ұнтақтар, тіс пастасы, тіс щетка және т.б.), азық-түлік (ұн, жарма, күнбағыс майы, қант, макарон және т.б.) және ыдыс-аяққа сұраныс бар.