BANNER

Сотталғандар арасында қысқы спартакиада жалауы желбіреді

Сурет: мекеме басшылығынан алынды

Қарағандыдағы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №34-ші мекемесінде сотталғандар арасында қысқы спартакиада ойындары басталды. Мұнда олар өзара команда жасақтап, түрлі спорттық ойындардан бақ сынады.

Аталмыш спартакиада ақпан айы бойы өтеді. Қатысушылар өзара бес командаға бөлініп, команда атын, ұранын таныстырды. Олар эстафета, қаппен секіру, шаңғымен жүгіру, қысқы дартс, дойбы және шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынады.

– Қысқы спартакиада спортты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сотталғандарды спортқа шақырып, бос уақытын пайдалы іспен шұғылдану үшін осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз, – деді мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов.