BANNER

Қарағандыда үш күннен бері суға батқан балықшы табылмай жатыр

Фото: pixabay.com

Қарағанды облысында үш күннен бері суға батып кеткен балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылдың 3 ақпанында Қарағанды облысында Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға құлап кеткен. Екі балықшы өз бетімен шығып үлгерген, оларға медициналық көмек қажет болмады. Ал 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасып жатыр.

Іздестіру-құтқару жұмысының күрделі болуына: қиын ауа райы жағдайлары, қатты жел, боран, аяз, кей жерлерде жұқа мұз, мұз астында сүңгу, судың төмен температурасы, суға түсу тереңдігі 3-4 метр, көрінудің болмауы, күшті ағыс. Бұл жағдайлар сүңгуірлер үшін қиын жағдай болып тұр.