Бұрынғы «Арселор МитталТеміртау» компаниясының заңгерін аяусыз өлтіргендерге қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қарағандыда бұрынғы «Арселор МитталТеміртау» компниясының заңгерін өлтірді деген күдікке ілінген жұпқа қатысты сот отырысы басталды.
Күдіктілер Ирина Эмді өз пәтерінде пышақтап, қылмысты жасыру мақсатында баспанаға өрт қойып кеткен.
53 жастағы Сергей Жданов марқұмның көршісі. Ал 45-тегі Ольга Романова оған жиі келіп, арақ ішкен кездерде қонып та қалады екен. Жантүршігерлік қылмыс сәуір айында болып, шағын ғана Шахтинскті дүрліктірді. Тергеу мәліметінше марқұмға көршісі қарызға ақша сұрай кірген. Көңілдесінің көрші келіншекке кіргенін көтере алмаған Ольга Иринаға пышақ сұққан екен. Кейін Ждановтың өзі де сегіз жерінен пышақтаған. Демі үзілді-ау дегенде диванға жатқызып от қойыпты. Марқұмның қызының сөзінше, үйден 400 мың теңге жоғалған. Сот алқа билер қатысуымен өтіп жатыр. Күдіктілер 20 жылға сотталуы мүмкін. Дегенмен олар кінәсін мойындамай отыр.