BANNER

ТҮРКИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ ӘЙЕЛДЕР БІЛІМ АЛЫП ЖҮР

Фото: unsplash.com

11 ақпан Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі 24.kz сілтеме жасап.

Аталған мерекені 2015 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен. 

Осы орайда әлемнің жетекші оқу орындары мен ғылыми орталықтарында білім алып, мамандығын жетілдіріп жүрген нәзік жандарымыз жетерлік екенін айта кеткен жөн. 

Эльмира Бөрібай мен Динара Есімова Түркиядағы Кастамону университетінде зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген отандастарымыз. Бірі экология білім беру бағдарламасының профессоры екіншісі педагогика ғылымдарының кандидаты. Қос ғалым әйел Болашақ бағдарламасының "500 Ғалым" Халықаралық тағылымдамасының стипендия иегерлері атанған. 

Динара Есімова, педагогика ғылымдарының кандидаты:
 - Түркия мемлекетінің туризм саласы бірден дамыған жоқ. Қазіргідей нәтижеге көптеген зерттеулер, көптеген тәжірибелер арқылы жеткен. Сол туризм дамуын зерттеу арқылы сол бағыттарды өз мемлекеттерге енгізу арқылы жетістіктерге жетеміз деп ойлаймыз. Өйткені Қазақстанға туризм дамыту үшін әлемдік тәжірибені қолдану өте маңызды. Ол тәжірибелерді қолдану арқылы уақытты да ақшаны да қаржыны да үнемдеу аламыз.

Эльмира Бөрібай көп балалы ана. Биология мен экология саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келеді. Ғылыми тәжірибесін қолданып, елімізде баламалы туризм салаларын дамытуға үлес қоссам дейді. Қазір Түркия аумағында "жасыл" экологиялық туризмнің дамуын зерттеп жүр. 

Эльмира Бөрібай, Экология білім беру бағдарламасының профессоры: 
- Түркия аймағында жасыл экологиялық туризмді дамытуды зерттеу бойынша үлкен жұмыстар жасап жатырмыз. Осы бағдарлама бойынша келгенде біз көптеген тәжірибелерді игере бастадық. Әсіресе Денизди университетінде, Памуккале университетінде термалды туризм, денсаулық туризмі жақсы жолға қойылып жатыр. Енді Түркия 2023 жылы жасыл туризмді дамыту бойынша ұлттық жобаларды бастады. Сол бойынша халықаралық озық тәжірибелерді үйреніп, өзімізге жасыл экологиялық озық тәжірибелерді ұсынуды мақсат етіп отырмыз. 

Қазір әлем елдеріндегі жетекші жоғары оқу орындарында түрлі мамандық бойынша білім алып, кәсіби біліктілігін шыңдап жүрген қазақ қыздарын көптеп кездестіруге болады. Жалпы өзге елде түрлі салада зерттеулер жүргізіп, тың жаңалықтар ашып, халықаралық деңгейдегі ғылыми атақтарға ие болған қара көздеріміз баршылық.