BANNER

Астана дәмханаларының бірінде есірткі сатылған

pixabay.com

Астана полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

"Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан. "Тосқауыл" ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты", - делінген хабарламада.