BANNER

Жасөспірімдер арасында суицид көбейген

Ашық дереккөз

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мәселені көтеріп, министрге тапсырма берді.

«Қызылшаға қатысты жағдай жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдар қызметінің төмен деңгейін және министрлік тарапынан тиісті үйлестіру мен бақылаудың жоқтығын көрсетті. Соңғы жылдары бұл сала қызметі тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұстанымын жоғалтты. Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдар қызметінің жұмысын қайта қарауды және 1 сәуірге дейін тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын», - деді Тамара Дүйсенова Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Одан бөлек, вице-премьер елдегі суицид жағдайына алаңдатушылық танытты.

«Жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі алаңдатады. Бұл жағдай ересектер арасында да азаймай тұр. Мұның себебін анықтау қажет. Тұтастай алғанда министрлік пен жергілікті атқарушы органдар өңірлердің ерекшелігін ескере отырып басымдықтарды айқындау және барлық республикалық орталықтарды тарта отырып, жүйелі жұмыс істеуі қажет», - дейді ол.