Биыл елімізде бірнеше ірі тас жолдардың құрылысы аяқталуы тиіс. Соның ішінде «Қарғанды-Балқаш» автобан құрылысы да аяқталады.
Бұл күрежол туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Олжас Бектенов нақты тапсырмаларын берген болатын. «Қарағанды-Балқаш» жолының құрылысы 2019 жылы басталды. Жалпы ұзындығы 363 шақырым. Жобаның бас мердігері- CITIC Construction Co.,LTD. Жоба құны 317 миллиард теңгеден астам. Жол салу жұмыстары екі жыл пандемия салдарынан кешеуілдеп, кейін құрылыс материалдары қымбаттады. Жобаның бастапқы құны 248 миллиард теңге болса, қазір бағаның шарықтауынан 317 млрд теңгеге жеткен. Мерідгерлердің сұрауымен жоба құжатындағы бағаға өзгерістер енгізілді.Жұмысты аяқтау мерзімі-2024 жылдың қараша айы. Бүгінгі күнге дейін жұмыстың 85 пайызы орындалды. Құрылыс басталғалы жолдың астыңғы топырақ қабаты үшін 36,4 млн текше метр материал төселген. Яғни 714,8 шақырым астыңғы және 719,3 шақырым үстіңгі топырақты, қиыршық тасты қабаттар. Қазіржолдың 701 шқырымына /қарама-қарсы бағыттарды есептегенде/ асфальт жабындысының бірінші қабаты төселген. Барлығы 720 шақырым болуы тиіс. Ал асфальт жабындысының екінші қабаты жолдың 158,6 шықырымына төселген. Жол бойында 4 шақырым айналма жолдар ғана қалды. Дегемен автобанның қарама-қарсы бағыттарын бөліп тұратын қоршау мен жол белгілерінің жоқтығына байланысты көлік қозғалысы үшін барлық 4 жолағы бірден ашылған жоқ. Тек екі жолағы ғана қарама-қарсы бағыттар бойынша жүруге рұқсат етілген. Осы күнге едйін 11 көпір салынған. Ал су өткізу құбырларының жалпы саны 311 болса, соның 309 салынған. Қалған жұмыстар биыл аяқталуы тиіс. Қыс бойына қажетті құрылыс материалдары дайындалған.