BANNER

Астана әуежайында өрт болды

Фото: unsplash.com


Астана қаласында халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сілтеме жасап.


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сыртқы белгілері бойынша №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін болған. Қазір эвакуация жүргізіліп жатқаны айтылады.

Министрлік сағат 08:24-те өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метрде электр кабельдері жанған.