Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты eGov.kz электронды үкімет сайты уақытша қолжетімсіз болады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін электронды үкімет сайтында және басқа да жобаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Төмендегілер біраз уақыт қолжетімсіз болуы мүмкін:
eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
egov mobile мобильді қосымшасы;
"Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
"Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
"e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі;
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдеуімен басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базалары.