BANNER

Каспий тартылып барады: теңіздің таязданып қалған жағалауының бейнематериалы қазақстандықтарды қапаландырды

фото: бейнематериалдан жасалған скрин

Ақтаулық блогер және қоғам белсендісі Нұркен Тәжібай өзінің Instagram парақшасында  Каспий теңізінің таяз жағалауы түсірілген бейнематериалмен бөлісті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі 

"Теңізіміз былтырға қарағанда алысқа кетіп қалды. Каспий тез таязданып келеді", – деп жазды блогер. 

Блогердің оқырмандары көрген кадрларға қапаланғанын жасырмады. 

“Теңізге жаным тынышталу үшін баратын едім. Енді көрсем жүрегім ауырады. Бармауға тырысамын”, “Өкінішті”, “Құдай-ау, не болып барады? Аралдың күйін кешетін секілдіміз”, “Теңіздің тартылып бара жатқанын көру ауыр. Әсіресе, осы жерде туғандарға” деп жазып жатты оқырмандар. 

Бұған дейін блогер Каспий теңізінің видеосын маусым айында жариялаған еді.