BANNER

Банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту

FinGramota

2024 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласының «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында «Кредит алуға тыйым салу тетігі» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

Брифингте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) жеке тұлға-азаматтардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуының қосымша тетігін әзірлеу жөніндегі шараларына қатысты Агенттіктің Қаржылыққызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев баяндама жасады.

Александр Терентьев өз баяндамасында Агенттік құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп қаржылық алаяқтық мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Бірлескен іс-шаралар кешені іске асырылуда, оның шеңберінде қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша үйлестірілген іс-қимылдар қабылдануда.

Жалған қарыздарды ресімдеумен байланысты алаяқтықты азайту үшін ағымдағы жылғы 11 ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының шеңберінде жеке тұлғаныңэлектрондық үкімет веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттерді алуды белгілеу не оны алудан ерікті түрде бас тарту құқығы туралытүзету қабылданды. Яғни, аталған шара заңдық сипатқа ие болды.

«Стоп кредит» сервисі кредиторларды кредит ресімдегісі келмейтіні туралы хабардар ете отырып, азаматтарға кредиттік алаяқтардан қосымша қорғануға мүмкіндік береді. Яғни, кредиттік есепте жеке тұлғаның кредит алудан ерікті түрде бас тартуы туралы ақпарат болған кезде, кредиторларға оларға заңнамалық деңгейде кредит беруге тыйым салынады, - деп қорытындылады Александр Терентьев.

«Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметі е-gov.kz сайтында және е-gov mobile қосымшасында тегін негізде қолжетімдіекендігін атап өтеміз.