BANNER

Сұлтан Зәуірбек карьерасындағы 17-жеңісіне қол жеткізді

Фото: Almaty.tv

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек 29 жастағы колумбиялық Виктор Хулиомен сегіз раундтық жекпе-жекте басым түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Zakon.kz сілтеме жасап.
 

Жекпе-жек Англияның Тельфорт қаласында өтті. Кездесу екінші жеңіл салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланған болатын. Сұлтан Зәуірбек төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, өз карьерасындағы 17-жеңісіне қол жеткізді.

 

Шымкенттік боксшы 2018 жылы кәсіби карьерасын бастады. Ол Ұлыбританияда 10, БАӘ мен Монакода бір-бір жекпе-жек өткізіп, Қазақстандағы жерлестерінің алдында бес рет өнер көрсетті.