BANNER

Бекзат Алмахан UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіліс тапты

Фото: видео скрин

26 жастағы қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде ресейлік Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ сілтеме жасап. 
 

Жеңіл дивизион рейтингінде 13-ші орында тұрған Бекзат пен 28 жастағы Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC Fight Night 238 турнирінде басты картада өтті.

Төрешілердің шешімімен үш раунд қорытындысы бойынша ұпай санымен Умар Нурмагомедов жеңімпаз атанды.

 

“Мен бұл жекпе-жек әлдеқайда жеңіл болады деп үміттендім, бірақ бұл жігіт мықты екен. Мен оны тұншықтыру әдісімен жеңемін деп ойлаған едім”, - деді Умар.