BANNER

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

pixabay.com

Газды, су мен электр қуатын сөндіру керек. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда тұрған жеріңізде күту керек.

Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші 5 және одан да жоғары баллды сезсеңіз), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында тұрсаңыз, ғимараттан шығыңыз.

Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне барыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе үстелдің астына кіріңіз – олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды.

Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Жеделсатыны пайдаланбаңыз.

Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай барыңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және кірмеңіз.

Егер сіз көлікте болсаңыз, дүмпу тоқтағанға дейін көліктен шықпай ашық алаңда қала беріңіз.