Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті ТЖ күштерін топтастыруға байланысты қала тұрғындары арасында жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі nur.kz сілтеме жасап.
"Қала тұрғындары арасында жалған ақпараттың таралуына байланысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қалада төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын топтастыруды күшейтіп жатпағанын хабарлайды.
Азаматтық қорғау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеуде", - делінген хабарламада. Бұған қоса ведомство өкілдері жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі жаза қарастырылғанын атап өтті.