«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарағанды облысында 18 орта білім беру нысаны салынады. 10 жайлы мектептің құрылысы биыл басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталмақ. Қалған 8 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. Жаңа білім ошақтары орын тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.