Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева “Хабар” агенттігінің “Бірақ...” ток-шоуының жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі
“11 наурыздан бастап "Хабар" арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оны шешуге бағытталған "Бірақ..." бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікір туындатты. Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуге тиіс еді. Ең алдымен, редакция барлық этикалық норманы сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуі, кейіпкерлерді көп алдында қорламауы қажет еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады”, – деді министр.