BANNER

Ұлттық құрылтай жиынының бірінші күні басталды

Әділет министрлігі

ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібайдың төрағалығымен өткен «Азаматтық қоғам» сессиясында Әділет министрі Азамат Есқараев баяндама жасады, деп хабарлайды  LIFE09 ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен құрылған Ұлттық құрылтай бүгінде қоғамдағы өткір мәселелерді талқылап, шешімін табатын жалпыұлттық алаңға айналғанына тоқталды.

Азамат Есқараев Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, БАҚ пен кәсіподақтар қызметіне еркіндік берілгенін атап өтті.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 10 шілдеде қол қойған «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңы онлайн-ортаны қалыптастыруға бағытталғанын атап өткен жөн.

Заңның маңызды жаңашылықтарының бірі ол онлайн платформалардың өз интерфейсін қазақ тіліне аударуды міндеттеуі. Дербес деректерді қорғау, пайдаланушылардың шағым беру мүмкіндігі, онлайн-платформалардағы контентті модерациялау, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен әсер етушілердің құқықтары мен міндеттері қарастырылады.

«Сондай-ақ Заң жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады. Бұл норма қазірдің өзінде әрекет ете бастады, бұл жалған ақпаратпен күресудің маңызды тәсілін көрсетеді»- деді министр.

Азамат Есқараев қазіргі уақытта журналистердің Әдеп кодексінің қабылдану барысына тоқталды. «Адалдық, объективтілік, әділдік, пікірлердің плюрализмі және адам құқықтарын құрметтеу журналистер қызметінің негізгі ережесі болуы тиіс», - деді министр.

Айта кетейік, ұлттық құрылтайға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен қоғам белсенділері және танымал заңгерлер қатысты.