Қарағандылық он бір оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері атанды. Біздің өңірді 22 жобамен 27 оқушы таныстырды.
Таразда төрт бағыт бойынша оқушылардың ғылыми жобаларын қорғау өтті:
- "Ғылыми-техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде" (физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым);
- "Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу" (математика, қолданбалы математика, информатика, экономика);
- "Салауатты табиғи орта – "Қазақстан-2030" стратегиясын іске асырудың негізі (биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);
- "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар" (тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, адам және қоғам).
- Байқау қорытындысы бойынша үш қарағандылық оқушы І дәрежелі дипломдармен марапатталды – "Дарын" ММЛИ тоғызыншы сынып оқушысы Айгерім Бегзатқызы және Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ оныншы сынып оқушылары Қырмызы Елемес және Қарақат Сабиғолла.
Физика пәнінің мұғалімі Саян Бүлкенов өз оқушысы Әйгерім Бегзатқызының жобасы туралы айтып берді:
– Біздің жоба " Органикалық бояғышпен сенсибилизацияланған күн ұяшығын жинау"деп аталады. Әйгерім екеуміз онымен бір жылға жуық жұмыс істедік. Оны Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ молекулалық нанофотоника институтында жинадық. Біз оның ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері қандай екенін білу үшін нақты күн батареясының сипаттамаларын зерттедік. Содан өз өнімімізді жасадық.
Қырмызы Елемес пен Қарақат Сабиғолла "Өлкетану" секциясында "зерттеуші-географтарды танудың шығармашылық мүмкіндіктері" жобасын ұсынды (Шоқан Уәлихановтың шығармалары бойынша комикстер жинағы).
– Бұл топтық жоба. Оны мен, жобаның журналист-редакторы және менің сыныптасым Қарақат Сабиғолла, жоба суретшісі дайындадық. Ал біздің жетекшіміз Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ оқытушы-зерттеуші, география пәнінің мұғалімі Құралай Тулешова болды. Республикалық байқауда біз алтын медаль жеңіп алдық, – деп түсіндірді Қырмызы Елемес.
ІІ дәрежелі дипломға Ы. Алтынсары атындағы мектеп-лицей мен "Дарын" ММЛИ 10-сынып оқитын 2 оқушысы Әміре Қалия мен Дастан Исмаилов ие болды.
ІІІ дәрежелі дипломдарды "Мұрагер" ММЛИ 10-сынып оқушысы Даниэль Новикова, сол мектептің тоғызыншы сынып оқушылары Полина Мартынова, Анель Жакулина және Виктория Цой, сондай-ақ Жамбыл атындағы № 2 лицейдің 9-сынып оқушылары Ясмин Урушева мен Айша Рымбек алды.