BANNER

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

gov.kz

Ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Республикалық ғарыштық байланыс орталығының (РҒБО) баспасөз қызметі Айдын Айымбетов "Бәйтерек" БК" АҚ басшысы болды деген ақпаратты растады.

РҒБО баспасөз қызметі мәліметінше, Айымбетовтың жаңа қызмете тағайындалғына туралы 18 наурызда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болған.

Айдын Айымбетов "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.