BANNER

Наурызнама: 20 наурыз – Ұлттық спорт күні

-

Бүгін – Ұлттық спорт күні. Бұл күні еліміз бойынша ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары жоспарланған.

Бұл күні қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.

Ұлттық спорт түрлері – еліміздің бренді. Қазақ халқы ежелден барлық мерекелерде жарыс ұйымдастырған.

Ұлттық спорт түрлеріне мыналар жатады:

Аударыспақ

Бәйге

Асық ату

Жамбы ату

Көкпар

Қазақша күрес

Жекпе-жек өнері

Жыртқыш құстармен аң аулау

Тоғызқұмалақ