BANNER

Жамбыл облысында 48 бас мал тірідей жанып кетті

Сурет: ҚР ТЖМ

25 наурыздан 26-сына қараған түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, өрт алаңы 220 шаршы метрді құраған.

Өрт кезінде 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп.

Өрт 50 минутта сөндірілген. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді.

ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.