BANNER

Өзбекстан астанасында қайыр тілеушілерге қарсы рейд басталды

Сурет: pixabay.com

Ташкент қаласының көшелерінде қайыр сұраумен айналысатындарды анықтауға бағытталған рейд жүріп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқарға сілтеме жасап.

Ташкент қалалық бас ішкі істер басқармасының мәліметінше, мешіт, жолдардың бойы мен қиылыстарда қайыр сұрауды кәсіп еткен 26 әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қоса, олардың жанында бұл іске тартылған 13 кәмелетке толмаған баланың болғаны анықталып, бүлдіршіндер әлеуметтік қорғау орталығына орналастырылды.

Бұған қоса, жедел алдын алу іс-шарасы барысында қайыр тілеушілермен бірге үш бөтен баланың жүргені белгілі болды. Олар ата-аналарына қайтарылды.

Айта кетейік, Өзбекстан заңнамасына сай, қайыр сұраған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер мұндай әрекет қайталанып жасалатын болса, онда қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін.