BANNER

Бишімбаев сотын қазақстандықтар онлайн көре алады

Сурет: Астана қалалық соты

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша маңызды сот отырысы сағат 16:00-ге белгіленді. Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=KAfEu7i7XMg