BANNER

Алматыда үш қызын зорлаған өгей әке өмір бойына сотталды

Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

«Бүгін Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлау фактісіне қатысты іс бойынша соңғы сот отырысы өтті. Ер адам өмір бойына, оның әйелі (3 жасар қыздың әжесі және 9 жасар қыздың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген жазбада.

Айта кетейік, балалар омбудсмені Динара Закиева Алматы облысындағы ауруханада жатқан зорланған 3 жасар қыздарға, сондай-ақ сол отбасының басқа балалары тұрып жатқан Сәбилер үйі мен Балалар үйіне барған еді.

Омбдусменнің айтуынша, бұл отбасының балалары өте ауыр жағдайларды бастан өткізген.

«Бұл отбасының балаларының бастан кешкені – тозақ. Бұл сол отбасындағы 7 жасар қызға қатысты бұрын жасалған сұмдық қылмыс үшін жазасыздықтың, маскүнемдіктің және деградацияның нәтижесі. Кеше полиция департаментімен, ауданның КТІИ, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен отбасында бұған дейін орын алған оқиғалар тізбегін зерттедік. Екі жыл бұрын анасы мен өгей әкесі (егіздердің әжесі мен оның күйеуі) 7 жасар қыздарын көсеумен күйдіргені (жыныс мүшелерін) анықталды. Бұл қыз бала оқыған интернатта анықталды. Бұл бойынша іс ҚК-тің 140-бабымен қозғалды (алайда бұл 110-бап "Азаптау" болу керек еді) және ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе көтерілді», - деп жазған еді Динара Зәкиева.