Биылғы жылдың 30 наурызында Қарағанды облысы Шет ауданы аумағында қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы 1 төтенше жағдай жарияланды. Жалпы 40 үйді су басып, Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Деріпсал елдімекендерінде 292 адам эвакуацияланды, оның 114-і балалар.
Қазіргі уақытта барлық эвакуацияланғандар қауіпсіз жерлерде, қауіп-қатер мен су деңгейі төмендеген уақытта тұрғындарды тұрғылықты жерлеріне қайтару мәселесі қарастырылатын болады.
Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істейді, толып кетудің алдын алу мақсатында су төгінділері жүргізіледі. Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай - Нұра) төгінділердің ұлғаюына байланысты су төгетін жерден төмен орналасқан Абай, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының 28 елдімекенінде біліктерді нығайту және қаптарды төсеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Тәулігіне барлығы 5190 қапшық төселді, 13500 текше метр су сорылды, 273 адам, 23 бірлік техника тартылды (ТЖД 158 адам, 17 бірлік техника, Қорғаныс Министрілігінен 115 адам, 6 бірлік техника), оның ішінде Нұра ауданына 217 адам, 19 бірлік., Бұқар Жырау ауданы 53 адам, 2 бірлік, Абай ауданы 3 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Нұра ауданы Нұра ауылының Құндызды өзенінің үш учаскесінде мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында 01.04.2024 күні жалпы ауданы 8000 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізіледі. Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Осакаров ауданы, Николаевка ауылындағы Сабырқожа өзенінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізіледі.
Төтенше жағдайлар департаментінде су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді, 87212 51-11-10.